» » Алматы облысында жаңа 24 мектеп пайдалануға берілді

Алматы облысында жаңа 24 мектеп пайдалануға берілді

 Алматы облысында жаңа оқу жылында 24 мектеп пайдалануға берілді. Бір ғана Талғар ауданының өзінде бес бірдей білім шаңырағы оқушыларға есігін айқара ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
 Мәселен, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Талғар ауданының Ақтас ауылында № 36 орта мектепке және Белбұлақ ауылындағы № 32 білім шаңырағына 600 орындық ғимарат жапсарлай салынып, оқушыларды қабылдады. Бұл мақсатқа 2 млрд 374 млн теңге қаржы бөлінген. Сонымен қатар Еламан, Кіші Байсерке, Еңбекші елді мекендерінде 300 орындық жаңа мектептер қолданысқа өтті. Жалпы Талғар ауданының 2017 жылы білім саласының бюджеті 10 млрд 153 млн теңгеге жетті. Бұл қаржы аудан бюджетінің 72 пайызын құрап отыр. Сондай-ақ, Іле ауданында алты, Қарасайда бес, Жамбылда төрт, Еңбекшіқазақта екі, Панфилов және Райымбек аудандарында бір мектеп ашылды. Жыл соңына дейін Алматы облысында тағы 17 мектеп пайдалануға беріледі.

 

02 қыркүйек 2017 г. 3 736 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 997 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 797 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930