Пішіндер әлемі

  Балаларды пішіндерді тануға және атауға үйретуді жалғастыру.Шеңбер, шаршы, үшбұрышты көру және ұстау арқылы пішіндерді зерттеуді жалғастыру.Оларды қоршаған  ортадан табуға баулу. Ойындар арқылы логикалық ойлауын дамыту. Пішіндерді тұзды қамырдың көмегімен мүсіндеу арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Қажетті құрал жабдықтар мен материалдар: пішіндер, пішіндер жасырылған гүлдер,үлестірмелі материалдар, тұзды қамыр, тақтайша.

Сөздік жұмыс: шеңбер, үшбұрыш, шаршы

Билингвальды компонент: шеңбер-круг, үшбұрыш-треугольник, шаршы-квадрат.

 ҰОҚ-нің барысы:

Тәрбиеші балалармен амандасады. Көңіл күйлерің қалай?

Балалар: тамаша

Олай болса қане барлығымыз орнымыздан тұрып амандасайық.

Қайырлы таң ұстазым,

Қайырлы таң достарым

Шеңберге тұрайық

Жылулық сыйлайық деп үш тілде амандасады.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілінде ауа райында қандай өзгешеліктер болады? деген сұрақтарға балалар жауап береді.

Интерактивті тақтадан «Үш дос» ертегісін айтып беру.

Балалар біздің бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы да пішіндер жайлы. Бүгін біз пішіндермен танысамыз.

Интерактивті тақтадан пішіндер туралы түсінік беру.

Балалар қолдарына алдарында тұрған пішіндерді алып, тәрбиешімен бірге пішіннің бұрыштарын санайды.

Пішіндерді ауада салу.

Ғажайып сәт.

Тәрбиеші: Балалар мен жолда келе жатып сандықша тауып алдым. Ашқым келдім, аша алмадым.Осы сандықшаны ашуға кім көмектеседі?

Балалар: Сандықшаны ашуға талпынады.

Тәрбиеші: Балалар сандықшаның құлпын ашу үшін, құлыпта бейнеленген пішінге сәйкес кілтті таңдап аламыз.

Балалар сандықшаны ашады.

Тәрбиеші: сандықшаның  ішінен хатты алып оқиды.

Интерактивті тақтадан дөңгелектері ауысып кеткен вагон шығады.

Тәрбиеші: Балалар тақтаға назар аударайықшы. Вагоннан қандай өзгерістерді байқап тұрсыңдар?

Балалар: Вагонның өзгерістерін атайды.

Балалар осы пішіндер туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Үстел үсті ойыны: Ғажайып гүлдер

Ойын шарты: Ғажайып гүлдерді суға саламыз және ашылғанын күтеміз. Ашылған гүлдердің ішінен не шыққан байқап, айтамыз.

Сергіту сәті.

Оң қолымды көтеріп,

Үшбұрыш жаса ауада

Сол қол қарап тұрмасын

Шеңбер сызып жырласын.

Тұзды қамырмен  жұмыс. Балалар тұзды қамырмен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз.

Тұзды қамырды қолдану арқылы пішіндерді мүсіндеу.

Тәрбиеші оқу қызметіне қорытынды жасайды.Балалар айналамыздан бүгінгі өткен пішіндерге ұқсас заттарды табайықшы.

Балалар: Топтан пішіндерге ұқсас заттарды тауып атайды.

Тәрбиеші балаларды мадақтайды.

Күтілетін нәтиже:

Қайталайды: көру және ұстау арқылы пішіндерді зерттеу

Түсінеді: қоршаған ортадағы кейбір заттар пішіндерге ұқсайтынын;

Қолданады: пішіндерді тану және атау

Білім беру саласы:  Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жапсыру, Мүсіндеу

Тақырыбы: Сарғайған жапырақтар.

Мақсаты: Тәрбиелік:. көркем  сөйлеуге үйрету

Білімділік:  Табиғат  құбылыстары   туралы  түсініктерін  кеңейту,  қағазды   қатпарлап   бүктеу  арқылы қайшымен  қию   дағдыларын  жетілдіру,ойындар арқылы логикалық ойларын дамыту, ермексаз көмегімен мүсіндеу арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Қажетті құрал жабдықтар мен материалдар: жапырақтар, түрлі суреттер жасырылған жапырақтар,үлестірмелі материалдар, ермексаз, тақтайша.

Билингвальды компонент: жапырақ-листья, сары-жёлтый, күз-осень.

 ҰОҚ-нің барысы:

Тәрбиеші балалармен амандасады. Көңіл күйлерің қалай?

Балалар: тамаша

Олай болса қане барлығымыз орнымыздан тұрып амандасайық.

Армысың досым,

Кел маған қосыл.

Алақанға салып алақан,шеңберге бірге тұрайық

Жер шарындай айналып, жақсы достар болайық.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Күз   мезгілінде ауа райында қандай өзгешеліктер болады? деген сұрақтарға балалар жауап береді.

Интерактивті тақтадан күз  мезгілінің ерекшеліктерін көрсету.

Балалар біздің бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы да күз мезгіліндегі сарғайған жапырақтар  жайлы.

Ғажайып сәт.

Топқа аула сыпырушы келіп, балабақша ауласын  тазартып сарғайған жапырақтарды қайда апаратынын білмей ,балалардан көмек сұрайды

Балалар: Сарғайған жапырақтарды оқу қызметіне пайдалатындарын айтады..

Балалар  алдарында қағазда ағаштың бұтағын ермексазбен жасайды,сарғайған жапырақтарды желіммен жапсырып,күз мезгілін  бейнелейді.

Интерактивті тақтадан «Ерекшелігін тап »ойынын ойнайды.

Үстел үсті ойыны: Ғажайып жапырақтар.

Ойын шарты: Ғажайып жапырақтарды ермексаз таяқшасымен қырғанда түрлі суреттер шығады астынан.

Сергіту сәті. Еденде түрлі түсті жапырақтар жатады,балалар көңілді би билеп жүреді, тәрбиеші  сары дегенде балалар сары жапыраққа топтасады,жасыл дегенде жасыл жапыраққа топтасады.

«Мезгілдерді топтастыр»  ойыны

 Ойын шарты: балалар мезгілдер суреті бейнеленген қорапшалармен мезгілдерді реттілігімен орналастырады.

Тәрбиеші оқу қызметіне қорытынды жасайды.

Тәрбиеші балаларды мадақтайды.

Күтілетін нәтиже:

Қайталайды:Мезгілдердің ерекшеліктері туралы.

Түсінеді:Үлкендердің еңбегін бағалауды.

Қолданады: Бірлесе  жұмыс жасай алады.



Автор:  

Мустафаева Алмагул Жайназарқызы                                                                          

«Нұрай»жеке балабақша тәрбиешісі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті



22 қаңтар 2021 г. 2 216 0

Похожие новости:

title
Тас пен құм сыры
Рухани жаңғыру және білім
title
1 саны мен цифры
Рухани жаңғыру және білім
title
«Қысқы еңбек»
Мектеп ақпары
title
Қызықты математика!
Рухани жаңғыру және білім

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 230 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 614 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031