» » Отаным – тағдырым

Отаным – тағдырым

 «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы және «EDUNEWS.KZ» ақпараттық агенттігі «Үздік ақпараттық мақала» және «Үздік педагогикалық мақала» республикалық конкурстары аясындағы "Үздік эссе" айдарына жарияланған мақала.  


Отаным – тағдырым


«Еліңнің  ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,

қазақтың ұлттық жалғыз  мемлекетінің  нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.

 Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді  ұмытпа!»

Н.Ә.Назарбаев                              

 

      Қазақстан – Отаным, тағдырым. Тек  менің  ғана  емес, перзенттерімнің, қазақ даласының топырағында  ойнап  өскен, суымен  сусындаған, тілімен жанданған    халықтың  тағдыры. Еліміздің  көшбасшысы  Н.Ә.Назарбаев қашан да  еліміздің  дамуын, бірлікте  өмір сүруін, халықтың  тұрмыс жағдайын жақсарту  жолдарын қарастырып отырады. Соның  арқасында  жас  тәуелсіз Отанымыз Қазақстан бірлікте, татулық пен молшылықта  өркендеуде. Бұған Елбасымыздың  жолдаған әрбір жолдауы, стратегиясы  мен мақаласы  өз  септігін тигізуде.

       Отанымыз  тәуелсіздігін алған  күннен  бастап өрлеу жолында  қаншама саяси-әлеуметтік, мәдени, ғылыми реформаларды  бастан өткеруде. Соған  қарамастан біз қазақилығымызды  жоғалтпадық.  Мәңгілік  ел  болу  үшін  біз, қазақстандықтар, «Жұмыла  көтерген–жүк  жеңіл» дегендей, мемлекеттің өркендеуіне   ат салысудамыз.

       Жаңа  ғасыр, қол жетімді мүмкіндіктер, білімді  ұрпақ. Мен   үшін  осы  үш бағыт бірлессе, еліміз  алдына қойған мақсатына жетіп, дамыған 30 елдің қатарынан көрінері анық.  Ол  үшін   еліміз  жан-жақты  дамып қана  қоймай,  рухани  жаңғырып, білімнің  есігін  айқара  ашып, жас  ұрпақты  сусындатуымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған  ойтолғамы бізге бағыт-бағдар  береді. Елбасымыздың  бұл  мақаласы  ішімдегі «Елімнің  тағдыры келшек  ұрпақтың  қолында, ал келешек  ұрпақ қандай  болмақ?» деген  дауылдай  сұрапыл қорқынышты бір жола сейілтті. Мақалада  тұтас қоғамның және әрбір Қазақстандықтардың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтті: Бәсекелік қабілет, прагматизм, Ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, Сананың ашықтығы.

        Бағдарламалық мақалада  әр бағыттың  өзіндік  ерекшелігі  мен  түсінігі  бар.   Қоғамның осы ғасыр мен алдағы  жүзжылдықта қандай  болу керектігі  нақты көрсетілген. Мысалы, ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғы шарттардың сана­тында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы болып жатыр.

      «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»- деген  Елбасымыздың  сөзі  дөп басып айтылған. Білімді елдің - ертеңі  жарық.  Білімнің  салтанат  құруы  жас  ұрпақтың  қолында.  Ал, ол  үшін біз ұстаздар қауымы  еліміздегі  болып  жатқан  өзгерістердің жаңа  деңгейіне  жауапкершілікпен қарауымыз керек. Шәкірттеріміздің бойына  адами құндылықтарды, рухани қазынаны бағалауды, патриоттық рухты, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, жаңа  білім  беру  жүйесімен сіңіртуіміз қажет.     

     Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды  орындауда, жастардың үш тілде білім алуына, ұлт жоспарын орындауда, жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруде  ұстаздар  қауымы  Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау біздің  міндетіміз.  Сонда  ғана көк  туы  желбіреген  Отанымыз  жер шарында  Мәңгілік  ел  болып қалатынына  сенімдімін.


Мутаева Жадыра Сабитовна,

Қазақ  тілі  мен  әдебиеті 

пәнінің  мұғалімі,
Мақтарал  ауданы
27 наурыз 2018 г. 2 376 0

Похожие новости:

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 203 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031