» » V облыстық "Мағжан оқулары" байқауы өткізілді

V облыстық "Мағжан оқулары" байқауы өткізілді

 Жыл сайын облыста Мағжан Жұмабаев рухани мұрасын көп білетін оқушылар арасында байқау өткізіледі. Ағымдағы жылдың 20 қазан күні Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінде  5-11 сынып оқушылары арасында V облыстық Мағжан оқулары  өткізілді.Бұл туралы EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ереже бойынша Мағжан оқулары үш бағыт бойынша аудандық және қалалық жеңімпаздары 54 оқушының қатысуымен  өтті. Балалар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, жас дарындар өз туындыларын оқып, жас зерттеушілер Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен мұрасына арналған ғылыми жобаларын қорғады.

Байқаудың қорытындысы бойынша барлық жүлделі орын алған оқушылар саны 27 оқушы, оның ішінде Бас жүлде иегері – 3, І орынға ие болғаны – 5, ІІ орынға – 7, ІІІ орынға ие болған оқушылар саны – 12. 

Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» - Мағжан шығармаларын жатқа оқу бағытында Бас жүлдеге Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 7 сынып оқушысы Мұрат Нұрдәулет; І дәрежелі дипломына Лебяжі ауданы С.Сатыбалдин атындағы ЖОББМ 8 сынып оқушысы Иманкулова Самал және Павлодар ауданы Шақат ЖОББМ 11 сынып оқушысы Тлеукина Гульжан;  ІІ дәрежелі дипломына Железин ауданы Озерный  ЖОББМ 8 сынып оқушысы Ахметова Айдана, Екібастұз қаласы «Зерде» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Манапова Зарина және Екібастұз қаласы Атығай ЖОББМ 8 сынып оқушысы Фестивал Айбек; ІІІ дәрежелі дипломына Ақтоғай ауданы Нығманов атындағы ЖОББМ 9 сынып оқушысы Нұркенова Асем, Успен ауданы №3 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Бердмурат Салтанат, Май ауданы Саты ЖОББМ 7 сынып оқушысы Калелова Қарақат, Баянауыл ауданы №1 Майқайын ЖОББМ 7 сынып оқушысы Жансағын Қымбат ие болды.

  «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас ақындар бағытында Бас жүлдені Екібастұз қаласы №22 гимназия-мектебінің 11 сынып оқушысы Какимов Бауыржан; І дәрежелі дипломды Лебяжі ауданы Қазы ЖОББМ 10 сынып оқушысы Кабылова Айдана, Павлодар қаласы №35 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Жылқыбай Шыңғыс; ІІ дәрежелі дипломды «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы Қажатова Загина және Павлодар қаласы №20 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Ахан Жұрағат;  ІІІ дәрежелі дипломды  Ақсу қаласы Ақжол ЖОББМ 10 сынып оқушысы Жүнисхан Айтолған, дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Серік Кәмила, Баянауыл ауданы Ж.Аймауытов ат. ЖОББМ 8 сынып оқушысы Дүйсен Мақпал,  Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Бауыржанқызы Эльвира иеленді.

         «Толқынмен толқын сырласып...» - М.Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу  жұмыстары бағытында Бас жүлдемен Павлодар қаласы №37 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Галлямова Данеля; І дәрежелі дипломымен облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Қизат Мадина;  ІІ дәрежелі дипломымен Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 6 сынып оқушылары Қанатұлы Даниял және Ермек Дарын, Ақтоғай ауданы Нығманов ат. ЖОББМ 7 сынып оқушысы Кереева Алуа; ІІІ дәрежелі дипломымен Железин ауданы Жаңа жұлдыз ЖОББМ 7 сынып оқушысы Мухаметжанова Зарина, дарынды қыз балаларға арналған «Білім- инновация» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Асылжан Аида, Павлодар ауданы Красноармейка ЖОББМ 11 сынып оқушысы Нығметолла Темірлан және Ертіс ауданы Қоскөл ЖОББМ 8 сынып оқушысы Каламова Аружан марапатталды.

  «Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясы жеңімпаздарды дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне табысталды. Олардың қатарында:  Мұхаметжанова Райгүл Жетпісқызы, Умрахимов Сакен Балтекович, Сеитова Гульбаршын Аркалыковна.
23 қазан 2017 г. 21 387 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 570 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930