«Горец» хореографиялық ансамблі

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары хореограф Аслан Мұртазалиевтің жетекшілігімен «Горец» би ансамблі құрамында «Танцуй Всей Душой» халықаралық хореографиялық өнер байқауында Super гран-при, Гран-при және 1-ші орынды жеңіп алды.
Байқау еліміздің барлық халықтарының мәдениетін дамытуға, топтардың репертуарлары мен қатысушылардың орындаушылық шеберліктерінің көркемдік деңгейін көтеруге, өнердің үздік үлгілері бойынша орындаушылар мен көрермендердің эстетикалық талғамын қалыптастыруға бағытталған.
Талдықорған командасы қазылар алқасы мен көрермендерге «Заманауи стильдендірілген би» «Кавказ ырғақтары», «Горец» атты үш биін ұсынды.
Жас бишілердің шеберлікпен орындаған би өнері көрермендерді қуанышқа бөледі.

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Горец» би ансамблі бірнеше рет халықаралық, республикалық, аймақтық хореографиялық байқаулардың жеңімпазы атанды, соның ішінде Халықаралық «Dance Extravaganza» турнирлерінде «Гран-при», Талдықорған қаласында өткен Республикалық «Дала сазы» байқауында «Гран-при», Алматы қаласында өткен Республикалық «Көркем би» байқауында І орын иегері атанды.
Дереккөз: edunews.kz Ақпарат Агенттігі