» » «Заттардың қасиеті» «Менің сүйікті ойыншығым»

«Заттардың қасиеті» «Менің сүйікті ойыншығым»

Мақсаты: Заттарды ортақ қасиеті бойынша топқа  біріктіру. Балаларға  заттардың тобының жалпы қасиетін табуды және топтарға біріктіруді үйрету. Есте сақтау, сөйлеу, назар аудару дағдыларын дамыту. Балаларды өздерінің сүйікті ойыншықтарының аттарын атай отырып сипаттауға және оларға ұқыпты қарай білуге баулу. Өз ойыншықтары туралы әңгімелету. Балаларға қиюдың түрлі тәсілдерін меңгерту. Таңдау жасай білуге, ұқыпты жұмыс жасауға үйрету. Саусақ қимылдарын арттыру. Қағазды қию іскерліктерін дамыту. Төзімділікке тәрбиелеу.

әдіс-тәсілдер: түсіндіру, салыстыру, әңгімелесу. Сұрақ-жауап

Сөздік жұмыс: біреу, көп, бірнешеу. сүйікті ойыншық.

Инновациялық әдістер: Воскобовичтің игровизор папкасы,бусоград.

ИКТ:интерактивті тақта

Керекті құралдар: Ойыншықтардың суреттері, геометриялық пішіндер, қайшы, желім, жіп.

I  Мотивациялық қозғаушылық кезең

Балалармен амандасу.

Қуан шаттан алақай!

Қуанатын күн келді

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Өткен сабақты бекіту:Кеңістікті бағдарлау.

Балалар өткен сабақта кеңістікті бағдарлауды үйрендік. Енді біз оны еске түсіріп көрейік

Ол үшін  игровизор папкасын пайдаланып тапсырманы орындаймыз. Игровизордың оң жақ жоғары бөлігіне тіктөртбұрышщты саламыз. Игровизордың сол жақ төменгі бөлгіне ұшбұрышты саламыз. Оң жақ төменгі бөлігіне сопақша пішінді саламыз. Сол жақ жоғарғы бөлігіне төртбұрышты саламыз. Игровизордың ортасына дөңгелек пішінді саламыз.

Жарайсыңдар балалар.

Жаңа тақырыппен таныстыру

II Ұйымдастырушылық ізденістік кезең 

Балалар мен сендерге бүгін жұмбақ жасырғым келіп тұр. Мұқият тыңдайық.

Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді. (қуыршақ )

Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды. ( доп)

Жарайсындар балалар! 

Балалар бұл жұмбақтар не туралы айтылған?

Олай болса балалар мен сендермен бүгін ойын ойнағым келіп отыр.

Балалар бүгін біз топтағы ойыншықтарды ортақ қасиеті бойынша топқа біріктірп себетке топтастырып жинайық. 

Жарайсыңдар балалар!

 

Сендер бүгін ойыншықтарды бір және бірнешеу, үлкен және кішкентай  топтарға топтастыра білдіңдер. Тамаша олай болса тағы бір тапсырма орындауға шақырамын.

  

Дидактикалық ойын:Ойыншықтар қандай пішіндерге ұқсайды?

 

              

  

 Балалар сопақша пішінге тағы қандай заттар ұқсайды екен.

 

Дұрыс айтасындар жұмыртқа,қияр.шар, лимон,стол.

  

    

 

Тіктөртбұрышқа ұқсайтың  заттарды атайық терезе,кітап,теледидар .

  

                 

 

Төртбұрышқа ұқсайтын заттарды атайық жастық,шахмат,қорапша .
          

 

Ұшбұрышқа ұқсайтын заттарды атайық үйдін шатыры,шырша,сәбіз.

 

      

 

Дөңгелекке ұқсайтын заттарды атайық қарбыз,түйме,алма .

 

Жарайсыңдар балалар енді  бәріміз бір сергіп алайық.

 

Сергіту сәті:

 

Аяқпенен топ-топ-топ

 

Алақанмен хлоп-хлоп-хлоп

 

Бір оңға,бір солға

 

Айналайық кел мұнда!

 

Қолымызыды бір сілтеп

 

Басымызды шайқайық

 

Бір оңға,бір солға

 

Ойнайықшы  кел мұнда!

 

Тамаша балалар  сендермен  келесі қызықты « ойна да,ойлан»  ойының ойнайық.

 

«Ойна да, ойлан»

 

Бұл тапсырманы бусоград  көмегімен орындаймыз.

 

Тамаша балалар енді мен сендерді шығармашылық орталығына шақырамын.

 

Біз бүгін сүйікті ойыншығымыз қонжықты жапсырамыз. Жұмысымызды бастамас бұрын саусақ жаттығуын жасап алайық.

 

Саусақ жаттығуы:

 

Бас бармақ саусақ қайдасың?

 

Мен мұндамын балақай,осындамын.

 

Балан үйрек саусақ қайдасың?

 

Мен мұндамын балақай,осындамын.

 

Ортан терек саусақ қайдасың?

 

Мен мұндамын балақай,осындамын.

 

Шылдыр шүмек саусақ қайдасың?

 

Мен мұндамын балақай,осындамын.

 

Кішкене бөбек саусағым қайдасың?

 

Мен мұндамын алақай.ойнап жүрмін

 

Бір үйде біз нешеміз?

 

Бір үйде біз бесеуміз.

  

Жарайсыңдар балалар!

 

Бізге керек заттар;жіп,желім,сүлгі,аюдың трафареті, қара түсті моншақ,қайшы,қарандаш .

 

 Енді бәріміз  алдымыздағы құралдарды қарап шығайықшы. Олармен жұмыс істеу ережелерін есімізге түсіріп алайық. Қайшының ұстайтын жағынан ғана ұстау қажет. Желімді түбінен бұрау арқылы шығарып, жұмыс соңында ішіне кіргізу керек.

 

Ал енді трафаретті картонға қойып, жануардың сұлбасын бастырып қиып аламыз. Жіптерді ұсақтап кесеміз. Ұсақтап кесілген жіп  әдемі көрінеді. Картон негізіне желім жағып,бірінші тұмсық жағын ақ жіппен,аузын қара жіппен жасап аламыз,одан кейін қалған бөліктеріне жіп қалдықтарын жабыстырамыз. Көздерің қара моншақтардан жапсырамыз. Біздің сүйікті ойыншығымыз дайын. Жұмысымызды аяқтаған соң, жұмыс орнымызды жинақтаймыз

 

III Рефлексиялық түзетушілік кезең

 

Бүгін біз не білдік?

 

Кеңістікті бағдарлауды.Жұмбақ жасырдық.Ойыншықтарды ортақ қасиетіне байланысты топтастыра білуге үйрендік,яғни біреу,бірнешеу,үлкен,кішкентай. Ойыншықтарды қандай пішіндерге ұқсайтының білдік. Ойыншықтарды пайдаланып бусоград  көмегімен есеп шығардық.Сүйікті ойыншығымыз қоңжықты қағаздан қиып жапсырдық.

 

Үй тапсырмасы:

 

Бусоград арқылы есептер құрастырып, шығарып үйреніңдер.

 

Сүйікті ойыншығымыз қонжықты жапсыруды аяқтау.

 

Ата-аналарға нұсқаулық

 

Құрметті ата-аналар!

 

Балаларға бүгінгі өткен тақырып бойынша үйдегі айналасындағы заттарды ойыншықтарын пайдалану ақылы топтастыруға, біреу, біреншеу,көп,үлкен кішкентай деген терминдерін қосып сөйлеуіне ықпал етіңіз.Жапсыру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды естен шығармаңыз.

 

Назарларыңызға көп рахмет!

 Жарайсындар балалар бұл тапсырманыда жақсы орындадық.Балалар біз ойыншықтарды сандарына қарай топтастырдық. Енді ойыншықтарды пішіндеріне қарап топтастырайық. Бірінші себетке кішкентай көліктерді саламыз. Екінші себетке үлкен көліктерді топтастырып саламыз. Балалар ойыншықтарды тағыда қандай ортақ қасиеті бойынша топтастыруға болады. Дұрыс айтасындар жұмсақ-қатты және түстеріне қарап топтастыруға болады екен.Екінші себетке бірнеше түрлері кездесетін ойыншықтарды саламыз.Бірінші себетке ойыншықтардың бір түрі ғана барын саламыз.Дидактикалық ойын: «ойыншықтарды дұрыс жина»- Дұрыс айтасыңдар  ойыншықтарды ұқыпты сындырмай ұстау керек.- Ойыншықтарды қалай ұстау керек?- ойыншықтармен не істейді, олар кімдерге арналған?Сұрақ - жауап:Дұрыс айтасыңдар бұл ойыншықтар туралы айтылған екен.

Автор: 

Индира Сагымбаева,

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы

Медицина Орталығы «Қарлығаш» балабақшасы» РМК-ның тәрбиешісі

Нұр-Сұлтан қаласы



12 желтоксан 2020 г. 3 708 0

Похожие новости:

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 13 692 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 327 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930