Болашақ педагогтерге арналған курс өткізілуде
Ағымдағы жылдың қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 1500 студенттері үшін кәсіби қалыптасудың бастапқы кезеңінде білім мен біліктілікті жетілдіру мақсатында «Бітіруші студенттерді педагогикалық практиканы өтуге дайындау» курсы ұйымдастырылды. Бұл болашақ мұғалімдердің кәсіби дамуына арналған ауқымды бастама болды, онда студенттер «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығының үздік тренерлерінен білім алуға бірден-бір мүмкіндік ала алды.Курстар аясында жоғарғы оқу орнының студенттерібір апта көлемінде өз білімдерін тек ең қажетті ақпарат пен тиімді оқыту әдістерді үйрететін қарқынды практикалық сабақтарда толықтыруда.
Кез келген оқыту тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар практикалық тұрғыда кіріктірілуі маңызды. Өйткені, білім алып қана қоймай, оны дұрыс қолдана білу – маңызды аспект.
Практикалық бағытталығы орын алған курста студенттер қалыптастырушы және жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеуге машықтанып, формативті бағалауда рефлексия мен кері байланыс әдістерін талдайды, сабақты жоспарларлау ерекшеліктерімен танысып, әдістемелік ұсынымдарын меңгереді.
Болашақ мұғалімдердің қажеттіліктерін ескере отырып, Өрлеу мамандары педагогикалық курсты дайындаудың жаңа бағытын –студенттерге арналған бағдарламаны жасақтады. Мақсаты–педагогикалық практикадан өту алдында мектептің өмірі мен мұғалімге жұмыс кезінде не қажет екенін түсіндіру. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған бағдарлама әзірлеуӨрлеу мамандары үшін алғашқы тәжірибе болды. Бұл бастамаға үздік тренерлер тартылды. Олардың жаңартылған мазмұн шеңберінде курстарды оқыту барысында алған мол тәжірибесіқұнды материалдарды дайындауда септігін тигізгені сөзсіз.
Әрине бұл өз кезегінде жоғарғы оқу орны білім алушыларының заманауимектепке арналған стратегиялар мен инновациялар туралы білім қорын толықтырып, білім мазмұнын жаңартудың алғышарттарын, оқу бағдарламаларының мазмұнын, критериалды бағалаудың құрылымы мен қағидаларын толыққанды меңгергеніне сенімдіміз.
Келешекте мұғалімдер дайындайтын жоғары оқу орындарының түлектері үшін икемді де пайдалы бағдарламаларды ары қарай жүзеге асыру жоспарларланып отыр.
Айберова Гүлжан Қасымбекқызы, «Өрлеу «БАҰО» АҚФ
Түркістан облысы бойынша және Шымкент қ. бойынша ПҚБАИ,
«Бастауыш оқыту әдістемесі және курстан кейінгі қолдау» зертханасының меңгерушісі