» » Қазіргі заман талабына сай мектепке дейінгі ұйым педагогтарының оқу қызметтерінің жүргізілу барысын талдау үлгілері

Қазіргі заман талабына сай мектепке дейінгі ұйым педагогтарының оқу қызметтерінің жүргізілу барысын талдау үлгілері

Ол басқа талдауға бастау береді. Оқу іс-әрекетін бақылай отырып, бағдарламаның мазмұнына сай мақсаттың орындалуын бағалап талдайды. Жоспарланған сабақты нәтижесіне қарап салыстырады.
  • Қысқаша талдау – оқу іс-әрекетінен соң бірден жүргізіледі және аяқталған болып саналмайды. Ол басқа талдауға бастау береді. Оқу іс-әрекетін бақылай отырып, бағдарламаның мазмұнына сай мақсаттың орындалуын бағалап талдайды. Жоспарланған сабақты нәтижесіне қарап салыстырады.
  • Құрылымдық талдау – қысқаша талдаудан соң жүргізілетін, сонымен қатар барлық талдауға негіз болып есептеледі. Ол сабақтың негізгі кезеңдерін анықтап, сабақтың құрылымдық бөліктерінің арасындағы өзара және логикалық байланыстылықты көрсетеді.
  • Көзқарастық талдау – құрылымдық талдау негізінде жүзеге асырылады. Бұл талдауда сабақтың мақсаты, сабақ құрылымы мен ұйымдастыруы, сабақ барысындағы тәрбиешінің әрекеті (рөл»), сабақтың санитарлық-гигиеналық жағдайы, сабақтың психологиялық жағынан көзқарас т.б. жағдайларға баса назар аударылады.
  • Толық талдау - бұл көзқарастық талдаудың жүйесі. Толық талдау сабақтың барлық көзқарастық жағынан қорытындыланған тұжырым болып есептеледі және бірнеше педагогтардың қатысуымен жүзеге асады. Педагогтардың білімін бағалауда педагогтың тәжірибесін қорытындылауда толық талдау жүзеге асырылады.
        Оқу қызметін толық талдау үлгісі:
  • Оқу қызметінің  мақсатын талдау: 
  • сабақ мақсатының дұрыс құрылуы, дәлдәгі;
  • бағдарламалық талаптарға сәйкестігі;
  • материалдың мазмұны;
  • балалардың білім деңгейі;
  • белгіленген тақырып бойынша оқу іс-әрекеті жүйесіндегі сабақтың алатын орны;
  • тәрбиешінің өзінің мүмкіндігі (іскерлігі);
  • оқу  іс-әрекетіне дейінгі әдіс-тәсілдерді анықтау;
  • қойылған мақсатқа жету деңгейі;
  • Оқу қызметінің ұйымдастырылуы мен құрылымын талдау: 
  • сабақ құрылымының мақсаты мен түріне сәйкестігі;
  • сабақ кезеңдерінің өзара байланысы және өзара сәйкестігі;
  • құрал-жабдықтарды қолдану тиімділігі;
  • сабақтың басталуы мен аяқталуын ұйымдастыру;
  • сабақтың ұжымдық жүргізілу жағдайы;

Оқу қызметінің жүргізілу әдістерін талдау:

  • оқыту құралдары мен тәсілдерін ескере отырып, әдістерді дұрыс таңдау:  
  • оқу іс-әрекетінің тақырыптары;
  •  оқу іс-әрекетінің мақсаты;
  • топтағы балалардың жалпы жағдайы;
  • педагогтың өзінің жағдайы;
  • қолданылған әдіс-тәсілдердің  тиімділігі;
  • балалардыі жаңа білімді меңгеру деңгейі;
  • құрал-жабдықтардың қолданылуы;
  • педагогтың дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері,

Оқу қызметінің барысында балалардың жұмысын талдау:

  • оқу іс-әрекеті кезіндегі баланың белсенділігі мен еңбекке құштарлылығы;
  • оқу іс-әрекеті барысындағы қызығушылығы;
  • балалармен жеке жұмыс;
  • балалардың алған білімдерін қолдана білу деңгейлері;

Оқу қызметінің жағдайындағы санитарлық-гигиеналық талаптарды байқау:


  • балалар жасына сәйкес жиһаздардың сәйкестігі;
  • топтың тазалығы мен жарықтың түсуі;
  • көрнекі құралдардың қолданылуы (түс, нақтылық, көлемі);
  • балалардың дене бітімін (арқасын) дұрыс ұстауы негізінде жүргізілген жұмыстардың әдіс-тәсілдері;
  •   аутотренинг элементтерін, релаксация үзінділерін, сергіту сәттерін жүргізу шараларының жүзеге асуы;
  •  Техникалық және еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы;
  •  
  • Оқу қызметіне психологиялық талдау жасау:
  • оқу іс-әрекеті барысында балалардың психологиялық көңіл-күй жағдайлары (сабаққа дайындығы, жинақылығы, көңіл-күйі, қатысу белсенділігі);
  • зейіннің дамуы, оқу іс-әрекеті барысындағы тұрақтылығы, оқу іс-әрекетіне зейіннің болмауы және оның себептері;
  • балалардың есте сақтау қабілетін жетілдіру мен дамыту, мағыналық, механикалық ес, ерікті, еріксіз есте сақтаудың дамуы;
  • балалардың ойлау қабілетін дамыту, талдау, қорыту, творчествалық ойлау қабілетін дамытуға жағдай туғызу;
  • балалардың материалда мағынасы жағынан қабылдай білу тәсілдерін ұйымдастыру;
  • баланың жалпы және жеке басының дамуы;
  • топпен психологиялық қарым-қатынас деңгейі.
 
    Автор: 
   

   Бакешова Лаура Конысқызы

   «Нұрай» жеке балабақша меңгерушісі

   Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті



23 қаңтар 2021 г. 1 283 0

Похожие новости:

title
БОЛАШАҚ – БІЛІМДЕ
Білім жаңалықтары
title
Lesson Study аясында зерттеу жұмыстары
Рухани жаңғыру және білім
title
Жыраулар поэзиясы
Рухани жаңғыру және білім

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 857 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 747 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930