» » "Инновациялық сабақ - 2020" республикалық конкурсы

"Инновациялық сабақ - 2020" республикалық конкурсы

  Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.1. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;

5.1.4.1. Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа оқу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;

Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп, жатқа оқиды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтай отырып, көркем шығармадан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп, жатқа оқиды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтап,

көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп, жатқа айтады.

Бағалау критерийі

-Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;

-Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды,

- шығарманы жатқа оқиды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;

Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп, жатқа оқиды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

 бидай , дәнге толу, тәкаппарлық, шекірею, бүгілу, кекірейіп, иілу.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Бидай арқылы қандай адамдардың мінезі берілген?

-Көкке қарап тұрған бидай сияқты адамдар өмірде кездесе ме?

Бастары дәнге толы бидайлар неге тағзым етіп тұр?

Ишара: Көркем шығармадан қандай әсер алдыңдар, не байқадыңдар, өз ойларыңды шағын эссе түрінде жазыңдар.

Құндылықтарға баулу

«Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» және «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» сияқты ұлттық немесе жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» әңгімесін оқу арқылы іске асырылады.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, биология, география, қазақ тілі

Алдыңғы оқу

Ахмет Байтұрсынұлы. Мысалмен өрілген көп ойлар...

Жоспар

Жоспарланған

Уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

(10 мин)

Оқушы назарын сабаққа аудару;

2.Оқушылардың қызығушылығын ояту:

Шаттық шеңберін жасай отырып, мозайка әдісімен топқа бөлу.

1-топ: Тапқырлар

2-топ: Зеректер

3-топ: Алғырлар

 Қима қағаздардан мозайка құрастырып, топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын сұрау.

1-топ: А.Байтұрсынұлы кім?

2-топ: «Қырық мысал» жинағы

3-топ: Аудармалары.

ҚБ: «Стикердегі хат» әдісі арқылы оқушылар өздеріне ұнаған жұмысқа жазбаларын ұсынады.

 Мұғалім үшін кері байланыс: «Оң қол/ сол қол» әдісі.

Оң қол – үй тапсырмасын орындауда қиындық туған жоқ. 

Сол қол – үй тапсырмасын орындауда қиналдым.

Қима қағаздар



Сабақтың ортасы

(25 мин)

Сабақ  тақырыбымен таныстырамын.

Осы сабақта қарастырылатын оқу мақсатын хабарлаймын

Бағалау критерийлері:

-Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;

-Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды,

- шығарманы жатқа оқиды.

    Тапсырмалар:

 «Дауыстап ойлау» әдісі.  Оқи отырып ой  түю, ой бөлісу.

«Егіннің бастары» мысалын оқиды. 

1-топ: Мысалдың тақырыбы мен идеясын анықтайды.

2-топ: Мысалдың тәрбиелік мәнін анықтау.

3-топ: Мысалға қатысты мақал-мәтелдер айтады.

 Дескриптор:  

 

-Мысалдың тақырыбы мен идеясын анықтайды;

-Мысалдың тәрбиелік мәнін анықтайды;

- Мысалға сай мақал-мәтелдер табады.

ҚБ.Топ бірін-бірі пікірлерін айту арқылы бағалайды.

Мұғалім тарапынан ауызша кері байланыс айту.

ЖЖ. «Ақпаратты сүзіп алу» әдісі. 

Оқушылар «Егіннің бастары» мысалынан өздеріне ұнаған сөздер мен тіркестерді жазады. Оларды таңдаған себептерін айтады және не мағына беретінін талқылайды.

Дескриптор:

-Сөз тіркесін таба алады.

-Сөз тіркестерінің мағынасын аша алады.

ЖЖ.

«Бидайдың басын көтергені – дақылының жоқтығы,

Жігіттің кеудесін көтергені – ақылының жоқтығы» мақалы мен мысалдың байланысын талдау.

Дескриптор: 

- Ортақ шешім шығара алады.

-Мақалдың мағынасын аша алады.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

2-тапсырма : «Кейіпкерге хат» әдісі. Оқушылар мысалдағы кейіпкердің біріне хат жазады.

  • «Автор орындығы» әдісі бойынша оқиды.
  • Оқушылармен жеке жұмыс жүреді;
  • Берілген тапсырма бойынша оқушы хатын автор орындығында оқиды.
  • Дескриптор: 

    -Шығарма кейіпкеріне хат жазады;

    -Көкейіндегі сұрағына жауап іздейді.

    -Кейіпкер бейнесіне жақындай отырып, сыни пікірін айтады.  

Ақын суреті, қанатты сөздер.

«Қазақ      әдебиеті» оқулық

 «Арман ПВ

Кестелер

«Автор орындығы»

Сабақтың

соңы

(5 мин)

Пікір алмасу. Сұрақ-жауап арқылы ой қорытындылайды.

1. Бидай арқылы қандай адамның мінезі берілген?

2. Бидай сияқты адамдар өмірде кездесе ме?

Дескриптор: 

- Сұрақтарға жауап бере алады.

-Адам мен бидай іс-әрекетін салыстыра алады.

Бағалау. Топтарға бір-біріне сұрақ қою тапсырылады. Кері байланыс ұйымдастырылады.

    «Желкенді кеме»  әдісі бойынша бағалау критерийлеріне сүйеніп оқушылар ауызша рефлексия жасайды,өзін-өзі бағалайды. 

Үйге тапсырма беру.

А. Байтұрсынұлының басқа мысалдарын оқу.

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Желкенді кеме»



Анар Сахабова,

№59 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Тараз қаласы

13 ақпан 2020 г. 3 669 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 145 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 851 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930